Қазақстандық кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы мамандары мен шенеуніктер Аустралияға сапары барысында сиыр мен қойға арналған екі ірі бордақылау алаңының қызметімен танысып, баға берді. Бұл жайлы World of NAN порталы Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Делегаттар ең алдымен қуаттылығы бір мезгілде 35 мың ірі қара малға арналған Southern Cross Feedlot бордақылау алаңына барды. Мұнда олар заманауи жабдықтармен, инфрақұрылыммен, азықтандыру әдістерімен, астық диірменімен және ірі алаңды басқару қағидаларымен танысты.
«Бұл жай ғана үлкен бордақылау алаңы, Мұнда 35 мың бас ір қара бір мезгілде бордақыланады. Бізбен бірге үлкен тәжірибесі бар Қазақстанның мал өсірушілері келді. Біз диетаны, бордақылауды, фермерлер арасындағы серіктестікті дамыту жолдарын және Қазақстанда мал шаруашылығын қалай дамыту керектігін зерттедік. Біз Австралиядағы барлық егістік алқаптарын және мал жайылымын көреміз, оны өз тәжірибемізде қолданғымыз келеді», – дейді Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров.
Southern Cross Feedlot фермасында мал азығы цехының құрылысына бір бас мал үшін салынатын инвестиция 750 долларды құрайды. 35 мың бас малға арналған фермаға шамамен 25-30 млн қаржы жұмсалады. Салынған инвестицияның қайтарымы бір-екі жылда болады, содан кейін фермер таза пайда ала бастайды. Австралиялық фермерлер атап өткендей, егер сіз 5 мың басқа арналған бордақылау алаңын салған болсаңыз, онда оның қуатын одан әрі кеңейту үшін қосымша инвестиция қажет емес.
Сырғалау, есепке алу процестері, мал бордақылау алаңына келген кезде жануардың параметрлері мен тарихы құлақ сырғасы бойынша автоматты түрде оқылады. Малды сатуға дайындайтын елдердің стандарттарына сәйкес бордақылаудың әртүрлі бағдарламалары бойынша бөледі. Бұл фермада ЕО елдері үшін 150, 200 және 350 күнге арналған 4 бордақылау бағдарламасы бар. Бағдарламаның санаты жануардың алаңға келген бастапқы салмағына байланысты.
Бордақылау алаңы аптасына орта есеппен 1500 бас өңдейді. 1500 бас қабылданса, союға да сонша бас жіберіледі. Осы іске мамандар мен әкімшілік қызметкерлерді қосқанда 25 тұрақты жұмысшы жұмылдырылған. Бұл фермада мал күн сайын 1,5-2 кг салмақ қосады. Аустралиялық фермерлердің көпшілігі арзанырақ өнім ауыспалы мал жаю әдісі мен бордақылаудың үш кезеңінің арқасында жүзеге асады: шөпте өсіру, шөп азығына астықтың төрттен бір бөлігін қосу және астықпен қоректендіру.
Жақсы шөп барда кейде малды дәнмен азықтандыру қажет емес. Шөптің өзімен мал 600 кг-ға дейін жетуі мүмкін. Сондай-ақ, қалдықтарды толығымен қайта өңдеуге болады. Әр кезеңдегі шығындарды азайту және қор биржасында малдың жақсы ұйымдастырылған саудасы инвестициядан тезірек қайтарымды алуға мүмкіндік береді.
Осыған ұқсас экономикалық тәсіл қой бордақылауда да қолданылады. Мұнымен қазақстандық мамандар Bakersfield Feedlot мал бордақылау алаңында болған кезде танысты. Алаңдағы жем-шөппен қамтамасыз ету жүйесі толық автоматтандырылған, бір мезгілде 16 мың қозыны бордақылауға мүмкіндік береді, жылдық тауар айналымы 65 мыңнан асады.
«Егер біз австралиялық бордақылау әдісімен салыстыратын болсақ, онда малды экспортқа әр 2 ай сайын, ал біз әр 4 ай сайын және маусымдық түрде шығарамыз. Сонымен қатар, бізде қой өсіру арзанырақ, жазда қозылар жайылымдарда жайылып, бордақылау алаңына жақсы салмақпен кіреді. Біздің өндіріс үшін жартылай автоматтандырылған осы платформадағыдай қуат жүйесі пайдалы болар еді», - деп атап өтті «Алакөл Агро» ЖШС өкілі Ілияс Жананов.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение