Мәзір

Абай облысындағы өрт: ауыл шаруашылығына қандай зиян тиді?

12.06.2023
Абай облысындағы өрт: ауыл шаруашылығына қандай зиян тиді?

Бүгін Қазақстанда аза тұту күні жарияланды. Абай облысындағы орман өртінен 14 орманшы қаза тапты. Одан бөлек өрт сөндіруге шығып, байланыс үзіліп қалған Бесқарағай ауданының тұрғыны іздестіріліп жатыр.

World of NAN порталы Ауыл шаруашылығы министрлігіне хабарласып, Абай облысындағы өрттен фермерлер зиянға ұшырап-ұшырамағаны туралы сұрады. Министрліктің айтуынша, ауыл шаруашылық мақсаттағы егістік жерлерге және жайылым жерлерге өрт жайылмаған. Өрт орманды аймақты шарпып жатыр. Ал орман шаруашылығына, оның ішінде “Семей орманы” резерватына жауапты Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметімен байланысқа шығу мүмкін болмады. 

Кеше Президент Тоқаев табиғи апат болған аймаққа барып, қаза тапқан орманшылардың жақындарымен кездесті. Ол 10 маусым күні төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қызметінен алып, 11 маусым күні Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа міндетін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс жариялаған болатын. 

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге 1500 адам, 300-ден астам техника және 14 тікұшақ тартылған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт 60 мың гектардан астам аймаққа жайылды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии