Мәзір

Аграрлық несие корпорациясы «Агробизнес» бағдарламасына өтінім қабылдай бастады

21.02.2024
Аграрлық несие корпорациясы «Агробизнес» бағдарламасына өтінім қабылдай бастады

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Агробизнес» бағдарламасы бойынша қаржыландыруға өтінімдерді қабылдау басталғанын айтты. Бұл жөнінде World of NAN корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қаржыландыру корпорацияның филиалдары мен несие серіктестіктері арқылы жүзеге асырылады.

Несиенің ең төменгі сомасы 1 миллион теңгеден басталып, 7 млрд теңгеге дейін беріледі.

Жеке несиелер бойынша максималды сома бағдарға байланысты: инвестициялық жобалар бойынша – 7 млрд теңгеге дейін, басқа жобалар бойынша – 5 млрд теңгеге дейін.

Сыйақының ең жоғары мөлшерлемесі – жылдық 22% (ЖТСМ – жылдық 22%-дан бастап), субсидия есебінен жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 6%

 

Несие 10 жылға дейінгі мерзімге, ал айналым қаражатын толықтыру үшін алынған болса, 4 жылға дейін беріледі.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии