Аграрлық несие корпорациясы фермерлерді қолдау үшін қосымша 40 млрд теңгеден астам қаржы бөледі. Бұл туралы корпорацияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды World of NAN.
Аграрлық несие корпорациясының хабарлауынша, агробизнесті дамыту үшін фермерлер тарапынан қаржыландыру қажеттігі артып отырғаны ескеріліп, (негізгі құралдарды сатып алу, мал басын ұлғайту, айналым қаражатын толықтыру және т.б.) «Агробизнес» бағдарламасы бойынша қосымша 40 млрд. теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр.
Бұл бағдарлама өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және қайта өңдеу сияқты жан-жақты салаларды дамыту жобаларын қаржыландыруға бағытталған.
Несие тартылған коммерциялық және жеке қаражат есебінен беріледі. Субсидияны есепке алғанда жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6%-ды құрайды.
Корпорация атап өткендей, «Агробизнес» бағдарламасы бойынша қаржыландыру жоспары 143 млрд. теңге болса, бүгінгі таңда игерілген қаржы 140,4 млрд. теңгені құрап, орындалған жоспар 98%-дан асты. Осы қаржы арқылы 3 мыңнан астам фермерге қолдау көрсетілді.
Жоспардан тыс бөлінген қаржы фермерлердің бұрын келіп түскен және қаралып жатқан өтінімдерін несиелеуге бағытталатын болады. Шамамен 2 мың фермер несие қаржысымен қамтамасыз етіледі.
Алдын ала бағалау бойынша, қосымша қаражат есебінен жылдық қаржыландыру көлемі 2022 жылғы көрсеткіштен асып, шамамен 370 млрд.теңгені құрайды.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің құрамына кіреді. Корпорацияның жұмысы жеке қаржы институттарын тарту және АӨК субъектілерінің құзыреттерін арттыру арқылы қолжетімді және тиімді қаржыландыру жүйесін қалыптастыру арқылы республиканың агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение