Аграрлық несие корпорациясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі ұсталды. Оған ауыл шаруашылық өндірушілерінен пара алды деген айып тағылып отыр. Бұл жөнінде World of NAN порталы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Антикордың Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Бизнеске жол» жобасын іске асыру аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының басшысын ұстады. Ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден бірнеше рет пара алды деп күдікке ілініп отыр.
Параның сомасы 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі аралықта болған. «Бұл ақшалай қаражат 2021-2025 жылдарға арналған ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бөлінетін кредиттік қарыздарды беру мәселесін оң және кедергісіз шешуге арналды», - деп хабарлады Антикор.
Күдікті Петропавл қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение