Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына таныстыру жасады. Ол ауыл шаруашылығын дамытуға қанша қаржы жоспарланып отырғанын айтты. Бұл туралы World of NAN порталы kapital.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Экономиканың нақты секторын дамытуды қолдауға 2024 жылға 2,8 трлн теңге қарастырылған. Кәсіпкерлікті ынталандыру үшін 2024 жылы 266 млрд теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ келесі жылы қазақстандық тауарларды сыртқы нарыққа шығаруға 8,7 млрд теңге қарастырылған. Бұл 200 экспорттаушыға қолдау көрсетіп, шетелде 18 сауда миссиясы мен 20 көрме ұйымдастыруға мүмкіндік береді», - деді Абзал Бейсенбекұлы «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстыру барысында.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қомақты қаржы қарастырылған, оған үш жылда 1,2 триллион теңге бөлінеді.
«Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдікпен несиелендіруге жыл сайын 140 млрд теңге беріледі. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында келесі жылы 100 млрд. теңге бөлінбек. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесіне сүйене отырып, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға несиелер берілетін болады», - деді вице-министр.
Ол бұл мақсаттарға бюджетте 100 млрд теңге қарастырылғанын айтты.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение