Мәзір

«Агромашхолдинг» директоры АрселорМиттал Теміртаудың жаңа инвесторы атанды

08.12.2023
«Агромашхолдинг» директоры АрселорМиттал Теміртаудың жаңа инвесторы атанды

«Агромашхолдинг» директоры АрселорМиттал Теміртаудың жаңа инвесторы атанды

Үкімет пен ArcelorMittal корпорациясы АрселорМиттал Теміртауды Қазақстанға беру туралы келісім жасасты. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның жаңа инвесторы кәсіпкер Андрей Лаврентьев болады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды World of NAN.

Андрей Лаврентьев – қазақстандық бизнесмен, «Allur» компаниялар тобының акционері және директорлар кеңесінің төрағасы, Астана және Алматы қалаларындағы дилерлік орталықтар арқылы автомобильдер, коммерциялық көліктер мен автобустар өндіріп, дистрибуциялайды. Компания Chevrolet, Kia, JAC және LADA автомобиль брендтерінің серіктесі, сондай-ақ Mitsubishi брендінің Алматыдағы ресми дилері болып табылады.

Ол сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын «Агромашхолдинг» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы.

Министр Қанат Шарлапаевтың айтуынша, бастапқыда ArcelorMittal корпорациясы комбинатты қайтару үшін $3,5 млрд сұраған, алайда келіссөздерден соң бағаны $286 млн-ға дейін төмендетті.

Мәмілені іске асыруға мемлекеттік бюджеттен бір де-бір теңге жұмсалған жоқ. Жаңа инвестор ArcelorMittal бас компаниясы алдында 4 жыл ішінде $250 млн қысқа мерзімді қарызды және $450 млн ұзақ мерзімді қарызды өтеу бойынша міндеттемелерді өзіне алады.

«286 миллион доллар – бұл толық жұмыс істейтін екі кәсіпорынның құны екенін ерекше атап өткім келеді. Сонымен қатар, ArcelorMittal Қазақстан Үкіметіне ешқандай талап қоймайды. Келісімге халықаралық заңнамаға толық сәйкес құқықтық өріс шеңберінде қол жеткізілді», - деп атап өтті Қанат Шарлапаев.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии