Air Astana «ҚазМұнайГаз» компаниясымен бірлесіп Қазақстанда Тұрақты авиациялық отынды (SAF) өндіру мен пайдаланудың бастапқы техникалық-экономикалық негіздемесін қаржыландырды. Бұл туралы World of NAN компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Айта кетейк, SAF (sustainable aviation fuel) - мұнайға балама ретінде тағам қалдықтары мен өсімдік майлары, астықтан алынатын экологиялық таза авиаотын. Ол ұшақтардан бөлінетін көміртекті бірнеше есе азайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстанда SAF-ты дамыту бойынша зерттеуді ICF жаһандық кеңесші әрі технологиялық қызмет провайдері жүргізді. Кешенді зерттеу декарбонизация стратегияларын зерттеп, SAF-пен жаһандық жағдайды талдады, сұраныс пен ұсыныс динамикасын және шикізаттың қолжетімділігін зерттеді. Сондай-ақ жергілікті нарыққа жарамдығы үшін SAF өндіру технологиялары бағаланды, әрі Қазақстан нарығында SAF-ты дамыту үшін практикалық ұсыныстар әзірленді.
Компанияның хабарлауынша, Air Astana ТМД мен Орталық Азиядағы экология тұрғысынан ең тұрақты әуекомпания болуды мақсат етіп, 2050 жылға қарай шығарындыларды мүлдем жоюды көздеп отыр.
Қазақстанда SAF-тың дамуы отандық фермерлерге жаңа кіріс көзін сыйлап, терең өңделген өнім арқылы табысын арттыра алуы мүмкін.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение