Мәзір

Әкімдіктер фермерлерге 32 млрд теңге субсидияны төлемеген

13.07.2023
Әкімдіктер фермерлерге 32 млрд теңге субсидияны төлемеген

Gosagro.kz порталы ашылғалы бері қазақстандық фермерлер 100 мыңнан астам өтініш беріпті. Қазіргі сәтте Ауыл шаруашылығы басқармалары 37 мың өтінімді қарап жатыр, ал 22 мыңнан астам өтінім мақұлданбаған, деп хабарлайды World of NAN.

 

Ауыл шаруашылығы министрілігі таратқан мәлімет бойынша, қазіргі уақытта фермерлерге 70 млрд теңгеге жуық субсидия төленген. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер алдындағы былтырдан қалған 28,4 млн теңге борыш та өтеліпті.

Сонымен қатар, «Күту парағында» жалпы сомасы 96,5 млрд теңгені құрайтын 32 мыңнан астам өтінім тұр. Бұл өтінімдерді жүйе толығымен өңдеген, яғни бұл өтінімдер қабылданған. Тек қазынашылық жүйесі арқылы ауыл шаруашылық басқармаларынан төленіп жатыр.

Қолданыстағы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау шарттары бойынша бүгінгі күні 40,4 млрд теңгеге өтінімдер мақұлданып, оның 35,8 млрд теңге төленіпті. СБМАЖ (ЕГИСС) арқылы жалпы көлемі 133,6 млрд теңге төленді. Сондай-ақ облыстық АШБ «күту парағына» сәйкес  фермерлерге 31,8 млрд теңге субсидияны төлемеген.

Министрлік мәліметінше, қазір бірыңғай мемлекеттік ақпараттық субсидиялау жүйесі штаттық режимде жұмыс істейді және онда 52 110 пайдаланушы тіркелген.

Ауыл шаруашылық министрлігі Gosagro.kz порталын іске қоса салысымен фермерлер жүйедегі олқылықтарды айтып шағымданған еді. Көктемде портал төңірегінде жанжал туындап, мыңдаған фермер субсидияға өтінім жіберіп үлгермей қалған болатын. Шаруалардың кейбірі министр Қарашөкеевтің өзін қолдануға ыңғайсыз порталды пайдаланып, тәжірибеден өтіп көруге шақырды, ал кейбіреулер оның отставкаға кетуін талап етті. Дегенмен министрлік жаңа порталдың дұрыс жұмыс істеп тұрғанын айтумен болды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии