Мәзір

Ақмола облысы: су тасқыны сібір жарасы бар мал қорымдарына әсер еткен жоқ

23.04.2024
Ақмола облысы: су тасқыны сібір жарасы бар мал қорымдарына әсер еткен жоқ

Ақмола облысының бірнеше ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, сібір жарасымен ауырған мал қорымдарына су жетпеген, деп хабарлайды World of NAN.

«Тасқын егістіктердің жағдайына ешқандай әсер етпейді. Біздің мәлімет бойынша, Ақмола облысында мал қорымдарын су шайып кеткен және қауіп төніп тұрған жағдайлар жоқ», - деді облыстың ауыл шаруашылығы саласының басшысы Кеңес Әлімжанов брифингте.

Ақмола облысында сібір жарасы бар 58 мал қорымы бар. Олар Атбасар, Астрахань, Ақкөл, Аршалын, Біржан сал, Бұланды, Бурабай, Егіндікөл, Ерейментау, Есіл, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград және Шортанды аудандарында орналасқан.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии