Мәзір

Ауыл шаруашылығына арналған жергілікті биопрепараттардың сатылымы өсіп келеді

02.07.2024
Ауыл шаруашылығына арналған жергілікті биопрепараттардың сатылымы өсіп келеді

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова құрамында 9 ғылыми зертханасы бар, жалпы 170 адам жұмыс істейтін Микробиология және вирусология институтының ғылыми-өндірістік орталығына барды. Орталық ғалымдары жергілікті өндірісті дамытуға бағытталған жобаларды сәтті жүзеге асырып келеді. Бұл жөнінде World of NAN үкіметке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Соңғы үлгідегі жоғары технологиялы құрылғылармен жабдықталған институт маңындағы зауыт жылына 70 тонна биопрепарат шығаруға қауқарлы. Оның ішінде ауыл шаруашылығы өндірісіне қажетті препараттардың орны бөлек. Тамара Дүйсеноваға топырақты биологиялық азот және фосформен байытуға мүмікндік беретін өнімдер көрсетілді. Еліміздің бірақатар өңірінде қолданылып келе жатқан бұл биопрепараттар асбұршақ, жоңышқа, майбұршақ секілді өсімдіктердің өнімділігін арттыруға сеп.

Жалпы, отандық әзірлемелерге деген сұраныс күн санап артып келеді. Оған соңғы 3 жылдағы сатылым көрсеткіштері дәлел. Мәселен, бұршақ дақылдарының өнімділігін арттыруға көмектесетін «Плантобактерин» биотыңайтқышы 2022 жылы 4,5 мың литр көлемінде сатылса, былтыр бұл көрсеткіш екі есе артқан. Өнімді отандық нарықтан бөлек экспортқа шығару мүмкіндігі де бар. Алайда, қолданыстағы зауыт барлық сұранысты қанағаттандыра алмай отыр. Сол себепті оны кеңейту қажет. 

«Ғалымдардың қолынан шыққан өнімдердің сұранысқа ие болуы қуантады. Бұл – жұмыстың тек басы ғана. Алға қойылатын негізгі мақсат – отандық өнімдердің үлесін арттыру. Өндіріс көлемінің кеңеюі оны орындауға жол ашады деген сенімдемін», — деді Тамара Дүйсенова.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии