Мәзір

Алдағы апталарда ресейлік бидайдың бағасы қымбаттамақ

15.11.2023
Алдағы апталарда ресейлік бидайдың бағасы қымбаттамақ

Ресейдегі «СовЭкон» аналитикалық агенттігінің болжауынша, алдағы апталарда ресейлік бидай нарығындағы жағдай тұрақталады. Бұл туралы World of NAN порталы «СовЭкон» агенттігінің есебіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. «СовЭкон» сарапшыларының айтуынша, кейінгі үш айда төмендеп кеткен бидай бағасы жақын арада қайта қалпына келеді. Бұл экспорттаушылар сұранысының артуы, шикізат өңдеушілердің белсенділігі, сондай-ақ фермерлер тарапынан ұсыныстың азаюы салдарынан болмақ.

«Кейінгі аптада 4-сортты бидайдың бағасы тамыз айының ортасынан бергі 150-450 рубльмен салыстырғанда, 75 рубльге төмендеді. Ресейлік бидайдың бағасы сұраныстың өсуі мен ұсыныстың азаюы жағдайында үш айлық құлдыраудан кейін қайта көтерілуі мүмкін. Соңғы үш айда Ресейде 4-сыныпты бидайдың бағасы 21%-ға төмендеп, тоннасына 11 075 рубльді құрады», - делінген хабарламада.

Деректерге сәйкес, экспорттық сатудың жағдайы тұрақталып, ресейлік бидайға экспорттаушылар тарапынан сұраныс артып келеді. 14 қарашадағы жағдай бойынша, бидай сатуға қатысты жасалған келісімшарттардың көлемі бір ай бұрынғы 1,9 млн тоннамен салыстырғанда 2,4 млн тоннаны құрады.

«Ресей бидайының ішкі сатылымы артты. Кейінгі бірнеше аптада диірменшілер оңтүстік емес аймақтардан бидайды белсенді түрде сатып алып жатыр. Ору науқаны біткен сайын бидай көлемі азайып барады. Фермерлер қаржылық шығындарын өтеп болғандықтан, астық сатудың белсенділігі төмен. Алдағы бірнеше аптада сұраныстың артуы және ұсыныстың төмендеуі ішкі нарықтағы ұзақ құлдыраудан кейін көптен күткен бағаның тұрақталуына әкелуі мүмкін», - дейді «СовЭкон» сарапшылары.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии