Мәзір

Әлемде бидай қымбаттап жатыр: биыл өнім 6%-ға төмендеуі мүмкін

13.05.2024
Әлемде бидай қымбаттап жатыр: биыл өнім 6%-ға төмендеуі мүмкін

Бидай бағасының өсуіне Ресейде мамыр айында жүріп өткен аяз себеп болған. Чикаго тауар биржасында астық фьючерстері 2023 жылдың тамызынан бергі ең жоғары деңгейге жетіпті. Бұл туралы World of NAN порталы kursiv.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Срапшылар алдағы маусымда бидай өндірісі өткен жылмен салысырғанда 6 пайызға төмендеуі мүмкін деп болжайды. Оған құрғақшылық пен ауа райының қалыпты салқындығы әсер етеді. Ресей әлемдегі ең ірі бидай өндіруші екенін ескерсек, оның ішкі нарығындағы өзгерістер әлемдік бағаларға өз әсерін тигізбек.

Ресей астық одағы жүргізген талдауларға сүйенсек, сәуір айында баға 5,5 пайызға өсіп, бидай тоннасына 11,5 мың рубльді құраған. Оның үстіне трейдерлер алдағы маусымда бидай бітік шықпай қалуы мүмкін деп қауіптенеді. Бұл да бағалардың өсуіне себеп.

«Осы жылы елде 139 млн тонна астық өндіріледі деп болжаған едік. Алайда бұл көрсеткіштер айтырлықтай азаяды. Сонымен бірге, АҚШ Ауыл шаруашылығы басқармасының (USDA) болжамы көрсеткендей, Еуропалық Одақ елдерінде бидай мен астық өндірісінің төмендеуі байқалады. Бұл өз кезегінде жаңа маусымда осы дақылға арналған астық балансының төмендеуіне әкеледі. Сондай-ақ департамент әлемдік қорлар 2015-2016 жылдардағы ең төменгі деңгейге дейін төмендейді деп болжайды, бұл бағаның көтерілуіне әкелетін маңызды сигнал», – дейді «ПроЗерно» аналитикалық компаниясының директоры Владимир Петриченко.

Ресей билігі мамырда жүрген үсік салдарынан келген шығынды әлі есептемеген. Дегенмен елдің үкіметі үсік шалған дақылдардың орнына астық егілетінін мәлімдеді. Ал Қазақстандағы астық жағдайына келер болсақ, көктемгі су тасқыны кезінде Солтүстік Қазақстанның біраз жерлері зиян шеккен. Алайда АШМ бұл жағдай астық науқанына кедергі келтірмейтінін мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, жоспарланған егіс алаңдары су тасқынынан зардап шекпеген. Сонымен бірге бұл егіс алқаптарында топырақтағы ылғал қоры жеткілікті деңгейде. Бұған 2023 жылдың қыркүйегіндегі қатты жаңбыр мен қарлы қыс әсер еткен.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии