Мәзір

Алғаш рет Қазақстан-Қытай астық форумы өтеді

17.05.2024
Алғаш рет Қазақстан-Қытай астық форумы өтеді

Маусым айында ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында алғашқы Қазақстан-Қытай астық форумы өтеді. Оған астық экспорты/импорты мен оны қайта өңдеу өнімдерін реттеуге қатысатын екі елдің бизнес, мемлекеттік органдар және мемлекеттік компанияларының өкілдері қатысады. Бұл жөнінде World of NAN үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Кеше Астана қаласында ҚХР мен Қазақстанның үкімет өкілдері арасында өткен кездесулерде екі ел арасындағы сауда-саттықты, оның ішінде АӨК өнімдерін экспорттау/импорттау мәселелері талқыланды. Жылдан жылға Қазақстаннан Қытайға ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау көлемі ұлғайып барады.

Қазақстаннан Қытайға жеткізілетін негізгі дақылдардың бірі – бидай. 2023 жылы Қытайға 592 мың тонна, 2024 жылдың бірінші тоқсанында 220 мың тонна бидай экспортталды. Сонымен қатар кейінгі 5 жылда Қазақстаннан Қытайға өсімдік шаруашылығы өнімінің экспорты 4,6 есеге, атап айтқанда, 2019 жылғы 750 мың тоннадан 2023 жылы 3,5 млн тоннаға дейін ұлғайды.

Кейінгі 5 жылда Қазақстаннан Қытайға бидайдан басқа да өсімдік шаруашылығы өнімдерінің экспорты 4,6 есеге, 2019 жылғы 750 мың тоннадан 2023 жылы 3,5 млн тоннаға дейін ұлғайды. Бір жыл ішінде АӨК өнімінің тауар айналымы 1,7 есеге өсіп, осы жылдың І тоқсанында бұл көрсеткіш тағы 6%-ға артты. Бұл ретте қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларының Қытайға экспорты бір жыл ішінде 84%-ға өсті. 

Осының барлығы әріптестік пен сауданы жүйелеу және нығайта түсу үшін екі ел арасында астық форумын өткізуге алғышарттар әзірлеп отыр. 


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии