Экспортқа шығарылған ұнның көлемі 4%-ға ұлғайғанымен, одан түсетін табыс 15%-ға кеміген. Бұл жөнінде World of NAN порталы energyprom.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Отандық өнімнің ең ірі сатып алушысы Өзбекстан болды: бұл елге 95,8 мың тонна ұн жеткізілген (дегенмен бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда, экспорт 12,6%-ға кеміген). Одан кейінгі орында Тәжікстан (17,2 мың тонна) мен Қырғызстан (10,2 мың тонна) елдері тұр. Ұнның қалған көлемі – 336,7 мың тонна өнім ТМД-дан тыс елдерге жеткізілді. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңнің көрсеткішінен 3,9%-ға артық. ТМД-дан тысқары елдерге экспорттың жалпы көлемі 89,5 млн долларды құрады. Мұндағы қазақстандық өнімдердің негізгі импортшысы Ауғанстан болды: 335,8 мың тонна (былтырғыдан 5%-ға артқан). Одан кейінгі орындарда Қытай, Ирак және Түркия тұр.
Ішкі нарыққа арнап өндірілген ұнның көлемі қаңтар-наурыз айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға кеміп, 313,2 мың тоннаны құраған.
Жақында Ауғанстанның өз ұн өндірісін іске қосатыны хабарланды. Өзбекстан да бірнеше жылдан бері өз диірмендерін дамытып келеді. Мұның айқын дәлелі – экспорттың жылдан жылға кемуі. Дегенмен үкімет әзірше ұн өндірушілерге шетел нарықтарында қауіп жоқ екеніне сендіріп отыр.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение