Алматы облысында бизнес субъектілері Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаментіне инвестициялық субсидиялауды төлеуден негізсіз бас тарту туралы шағыммен жүгінді. Төлемді облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы жүзеге асыруы тиіс болған. Бұл туралы World of NAN порталы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Кәсіпкерлер электронды өтініште төлем жасау үшін барлық қажет құжаттар болғанын атап өтті. Олар бұл мәселені тіпті жүйелік мәселе ретінде айтты, бірақ бұны айғақтайтын жеткілікті растау болған жоқ. Уақытылы төлемеу айтарлықтай шығынға әкелмесе де, кәсіпкерлердің пайдадан айырылуына және қызметкерлердің жалақысын кешіктіруіне себеп болды.
Ал ауыл шаруашылығы басқармасы өндірушінің төлқұжаттағы мөрі мен тауар сертификатының сәйкес келмеуі сияқты техникалық себептермен бас тартқанын айтты.
Бизнес өкілдерінің өтінішінен кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет екі тараппен жұмыс кездесуін ұйымдастырып, іс-шара қорытындысы бойынша кәсіпкерлерге 5 млн теңге шамасында субсидиялар төлеу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, функционалдық міндетін тиіс деңгейде орындамағаны үшін ауыл шаруашылық басқармасының жауапты маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ауыл шарушылық басқармасы субсидия төлеуді кешіктірсе немесе төлеуден негізсіз бас тартса, Сыбайлас жемқорлық қызметі, Қаржылық мониторинг агенттігі және Прокуратураға шағым жолдай алатыныңызды еске саламыз.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение