Мәзір

Америкалық инвесторлар ауылшаруашылық жерлеріне рекордық инвестиция құя бастады

21.02.2024
Америкалық инвесторлар ауылшаруашылық жерлеріне рекордық инвестиция құя бастады

Инвесторлар АҚШ-тағы ауыл шаруашылық жерлеріне рекордтық инвестиция құя бастады. Олар алдағы уақытта жердің құны күрт көтеріледі деп күтеді, өйткені әлем халқы көбейіп, табиғи ресурстар азая түспек. Бұл жөнінде World of NAN порталы Financial Times мақаласына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Инвестициялық топтарға тиесілі ауылшаруашылық жерлерінің құны кейінгі үш жылда екі еседен астам өсіпті. Ол 2023 жылдың соңында 16,6 миллиард долларға жеткен, ал 2020 жылдың соңында бұл көрсеткіш 7,4 миллиард долларды құраған еді. Одан бөлек кейінгі онжылдықтарда АҚШ-та егістік жердің орташа құны да өсе түсті: 1997 жылы $1270 бағаланған бір акр жердің бағасы 2023 жылы $5460 дейін қымбаттаған.

Financial Times басылымының болжауынша, көрсеткіштер болашақта одан әрі өсе түседі. Өйткені БҰҰ-ның бағалауынша, 2050 жылға қарай жер шарының халқы шамамен 10 миллиард адамды құрайды әрі әлемге қазіргіден 60 пайызға көп азық-түлік өндірісі қажет болады.

Сарапшылар ауыл шаруашылық жерлерінің қымбаттауына азық-түлік бағасының көтерілуіне себеп болған 2020 жылғы пандемия және әлемдегі ірі астық экспорттаушы ел Украинаға 2022 жылы Ресейдің басып кіруі әсер еткенін айтады. Сонымен қатар 2008 жылғы қаржы дағдарысынан кейін ірі инвестициялық топтар ауыл шаруашылық жерлерін сатып ала бастады. Олар мұны автивтерін диверсификациялап, қаржы нарығындағы құлдыраулардан сақтану үшін жасаған болатын.

Осыған қарамастан инвестициялық қорлар ауылшаруашылық жерлері нарығының 1-3% үлесін ғана иеленеді, ол 3,4 трлн долларға бағаланады. АҚШ Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, елдегі барлық жердің 95% отбасылық бизнеске тиесілі. Дегенмен кейбір фермерлік ұйымдар инвестициялық қорлардың жерді басып алуын дәстүрлі фермерлерге қауіп деп санайды. Алдағы онжылдықта шамамен 170 миллион гектар ауылшаруашылық жерлері қожайынын ауыстырады, бұларды инвестициялық компаниялар иелігіне алуы мүмкін.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии