Мәзір

Америкалық Tyson Foods компаниясы қатысқан ірі жоба тоқтап қалды

27.09.2023
Америкалық Tyson Foods компаниясы қатысқан ірі жоба тоқтап қалды

2020 жылы америкалық Tyson Foods Inc. Алматы облысында жылына 180 мың тонна ет шығаратын өндіріске инвестиция құятыны хабарланған болатын. Ол қазақстандық «Kusto Group» компаниясымен бірлесіп, Қазақстанда сиыр еті өндірісінің толық циклін ашуды жоспарлаған. Бірақ жоба 2022 жылдың басынан бері тоқтап тұр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің айтуынша, жоба геосаяси ахуалға байланысты тоқтап қалған. Бұл туралы World of NAN порталы lsm.kz сайтына сілтеме жасай оытырып хабарлайды.

LS сайтының сауалына Ауыл шаруашылығы министрлігі «Бүгінгі таңда Tyson Foods Inc.-тен жоғарыда аталған өндірісті Қазақстанда іске қосу туралы түпкілікті шешім жоқ», - деп жауап берген. Kusto Group басшысы Еркін Тәтішев те жобаның геосаяси жағдай мен ел ішіндегі өзгерістерге байланысты тоқтағанын растады.

Дегенмен Тәтішев ет өндірісі жолға қойылады деген үміт үзілмегенін айтады. Оның айтуынша, тараптар арасында жобаны жүзеге асырудың қағидаттары туралы келісімге қол қойылған. Дегенмен, оның түсіндіруінше, қазіргі уақытта құжатты қайта қарап, жаңарту қажет.

2022 жылдың басында Tyson Foods компаниясының ет комбинат жобасы тоқтатылды. Сол кезде облыс әкімдігі мұның себебін Үкімет, Tyson Foods және Kusto Group компаниялары арасында келісім әзірленіп жатқанымен түсіндірді. Құжатқа қол қойған соң жоба қайта жалғасады деп сендірген еді.

Ет комбинатының құрылысына «Арна» индустриялық аймағынан жалпы ауданы 100 гектар аумақ таңдалған болатын. Болжам бойынша, инвестиция шамамен 300 миллион долларды құрайды. Ал зауыт 2025-2028 жылдар аралығында кезең-кезеңімен іске қосылуы керек еді. Ет комбинаты тәулігіне екі мың бас сиыр етін шығаруды жоспарлған. Өнеркәсіп кешеніне арнайы мал бордақылау алаңдары, жүгері алқаптары да қарастырылған еді.

2019-2020 жылдары сол кездегі премьер-министр Асқар Маминнің командасы Tyson Foods компаниясымен келісімдер жүргізген болатын. Сол кезде үкімет Tyson Foods Inc. Қазақстанда үш ет өндіретін фабрика салуды жоспарлап, оған  $1,25 млрд инвестиция құятынын хабарлаған еді. Бірақ бұлардың бір де бірі іске аспады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии