Мәзір

АНК «Кең дала» бағдарламасы аясында Шымкент пен Түркістан облысына қосымша қаржы бөлді

31.05.2023
АНК «Кең дала» бағдарламасы аясында Шымкент пен Түркістан облысына қосымша қаржы бөлді

Аграрлық несие корпорациясы биыл «Кең дала» бағдарламасы аясында Шымкент қаласы мен Түркістан облысына 2,5 млрд теңге бөлу жоспарлаған еді, дегенмен облыстағы мақта өсірумен айналысатын шаруалардың өтінішін ескере отырып, қаржыландыру көлемін 9,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтты.

Аграрлық несие корпорациясы Шымкент қаласы мен Түркістан облысының ауыл шаруашылығын дамытуға жыл соңына дейін 21 миллиард теңге бөлуді жоспарлаған болатын, бірақ бүгінге дейін бөлінген қаражат 22 миллиард теңгеден асады. Бұл туралы АНК басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев Шымкенттегі брифингте айтты. Досқараевтың мәліметінше, 2023 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының несиелік портфелі, «ҚазАгроҚаржының» несие фортфелімен қоса есептегенде 1,5 триллион теңгеден асқан.

А. Досқараев Шымкенттегі фермерлермен кездесу барысында «Аграрлық несие корпорациясы» жүргізетін қолдау түрлері: тікелей несиелеу, екінші деңгейлі банктер арқылы несиелеу, микроқаржыландыру ұйымдары және лизингтік компаниялар арқылы несиелеу, сондай-ақ несие серіктестіктерін қаржыландыру туралы айтты. Шымкент қаласында 20 несие серіктестігі бар. АНК өкілі ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған «Кең дала», «Іскер», «Агробизнес» несиелендіру бағдарламалары, жастарға арналған жеңілдетілген микронесие бағдарламаларының шарттарымен де таныстырды.

«Кең дала» -  көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстары үшін айналым қаражатын толтыру мақсатында төмендетілген пайызбен берілетін несие бағдарламасы.

 


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии