Мәзір

АӨК-ке салынған инвестиция 31%-ға кеміді

30.05.2024
АӨК-ке салынған инвестиция 31%-ға кеміді

Үкімет агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша нақты жоспарлар қабылдап жатса да, салаға тартылған инвестициялардың көлемі қысқарып келеді. Бұл туралы World of NAN finprom.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда ауыл, орман және балық шаруашылығы саласындағы негізгі капиталға тартылған инвестиция 143,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ақшалай түрде 27,1%-ға аз. Ал оның нақты көлемінің қысқаруы 31,1% болды.

Инвестициялардың басым бөлігі өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық пен осы саладағы қызмет көрсету салаларына құйылды. Бұларға 140,3 млрд теңге тартылыпты, құндық мәнде бір жыл ішінде 27,2%-ға кеміген. Оның ішінде бір және екі жылдық дақылдарды өсіру саласына – 67,4 млрд теңге, мал шаруашылығына – 65,2 млрд теңге, аралас егін шаруашылығы саласына – 7,2 млрд теңге, көпжылдық дақылдарды өсіру сегментіне – 282,4 млн теңге, мал шаруашылығын ынталандыратын іс-шараларға, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және асыл тұқымды мал шаруашылығы, сондай-ақ өсімдік шаруашылығын қайта өңдеу қызметіне – 228,5 млн теңге, өсімдіктердің өсімін молайту саласына – 24,1 млн теңге, аңшылық, аң аулау және осы салалардағы қызмет көрсету саласына – небәрі 300 мың теңге тартылған.

Балық және акваөсіру саласына салынған инвестиция бір жылда 24,2%-ға азайып, 2,8 млрд теңгені құрады, ал орман және ағаш дайындау саласына салынған күрделі салымдар, керісінше, 6,5 есе артқан, бірақ 128,6 млн теңгеге ғана көбейіпті.

Инвестициялық портфельдің басым бөлігі (98,6 млрд теңге) жеке сектордың қаражатына тиесілі.

Ал өңірлер бойынша инвестицияның ірі көлемі Ақмола облысына тиесілі: 27,1 млрд теңге – былтырғыдан 10,8%-ға артық. Үздік үштікке Павлодар (26,5 млрд теңге, +7,5%) және Солтүстік Қазақстан (25 млрд. теңге, -48,8%) облыстары да кірді. Одан кейінгі орында Түркістан (12,1 млрд теңге) және Қостанай (12 млрд теңге) облыстары тұр. Осы бес облысқа бүкіл АӨК-ке келген инвестицияның  71,7 пайызы тиесілі.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии