Мәзір

АӨК жобаларына жеңілдетілген несие беру ережесі өзгерді

19.06.2024
АӨК жобаларына жеңілдетілген несие беру ережесі өзгерді

Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешені саласындағы жобаларды несиелендіру ережесіне өзгерістер енгізу туралы бұйрық қабылдады. Құжат Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамытуды ынталандыру, жаңа өндіріс орындарын құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуді, саланың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат етеді, деп хабарлайды World of NAN.

Өзгерістер 12 бағыт бойынша жобаларды жеңілдікпен қаржыландыруды қамтиды. Олардың қатарында сүт-тауар фермаларын, ет бағытындағы құс фабрикаларын, ет шаруашылығы кәсіпорындарын, көкөніс қоймаларын құру жобалары бар.

Сондай-ақ қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, суармалы егіншілікті дамыту, өнеркәсіптік жылыжай кешендері, жеміс қоймалары, балық шаруашылығы, балық өңдеу зауыттары, құс шаруашылығындағы асыл тұқымды репродукторлары, ауыл шаруашылығы өнімдерін одан әрі терең өңдеу және сақтау кәсіпорындары, оның ішінде жүн және тері, қаптама материалдарын өндіру салалары да мемлекеттік қолдауға ие болады.

Кәсіпкерлер 10 жылға дейін 2,5 пайыздық жеңілдікпен несие қаражатын пайдалана отырып, өз жобаларын жүзеге асыра алады. Несиенің ең жоғары сомасы 5 млрд теңгеге дейін.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии