Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, киіктер фермерлерге 12 млрд теңге көлемінде зиян тигізген. Жалпы көлемі 121,9 мың гектарға жуық егістік алқабы (Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары) шығынға ұшыраған. Бұл туралы World of NAN порталы Ашық НҚА сайтында жарияланған құжатқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Үкімет құрғақшылық пен ақбөкен салдарынан келген шығынды өтеу тетіктерін пысықтап жатыр. Бұл үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне қосымша өкілеттіктер беріледі.
Енді Ауыл шаруашылығы министрлігінің функцияларына табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне келтірілген зиянды өтеу тәртібін әзірлеу және бекіту кіретін болады. Үкімет қаулысының жобасы Ашық НҚА порталында орналастырылған.
Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі табиғи төтенше жағдай салдарынан шаруаларға келтірілген шығынды өтеу тәртібін бекітеді. Бұл құзіреттілік Жамбыл облысындағы қуаңшылықтан кейін беріледі. Өткен аптада облыста төтенше жағдай жарияланған болатын, бұл үкімет резервінен өтемақы төлеуге негіз болады.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, қолданыстағы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану Ережесі заңды және/немесе жеке тұлғалардың шығынын өтеу тәртібін қарастырмайды.
«Осыған байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде АӨК субъектілеріне келтірілген зиянды өтеу үшін ҚР Үкіметінің резервінен қаражат бөлуді қамтамасыз ету мақстында АШМ құзыретін айқындау қажет», - дейді министрлік.
Министрліктің айтуынша, көктемде әуеден жүргізілген есеп бойынша, 2023 жылы киіктердің саны 1 915 000 бас болған.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение