Мәзір

Арабтың сауда желісі қазақстандық етке қызығушылық танытты

01.03.2024
Арабтың сауда желісі қазақстандық етке қызығушылық танытты

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Дубайдағы Grandiose Supermarket ритейл-дүкендер желісіне кіретін Ghassan Aboud Group компаниялар тобының топ-менеджментімен кездесті.

Кездесуге LuLu Group компаниясының бөлшек сауда, жеке брендтерді дамыту және тұтыну тауарларын сатып алу бойынша жетекшілері қатысты. Олар қазақстандық етті сатып алуға қызығушылық танытты, сонымен қатар тауық еті мен жұмыртқаға тұтынушылардың сұранысы жоғары екенін айтты. Сауда желісі Қазақстаннан премиум-класс тауарларын – уылдырық пен бал сатып алу мүмкіндігін де қарастыруға дайын.

Қазақстандық TARTUPRO компаниясы директорының орынбасары Бақытжан Жұмаділов әлеуетті серіктестерге өзінің тауашалық өнімі – қой етінен жасалған ветчинамен таныстырды. Grandiose Supermarket өкілдері алдағы уақытта қазақстандық өнімдердің тұсаукесерін өткізуге келісті және ықтимал ынтымақтастық туралы айтты.

LuLu Group International – штаб-пәтері Абу-Дабиде орналасқан гипермаркеттер мен бөлшек сауда компаниялары желісін басқаратын, Бірікке Араб Әмірліктерінде орналасқан трансұлттық конгломерат.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии