Ауыл шаруашылығы министрлігі егін жинау жұмыстары аяқталғаннан кейін күнбағыс экспортына квота бөлу және оны экспорттаудағы баж салығын алып тастау мәселесін зерттеп көрмек. Бұл туралы World of NAN порталы «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Министрліктің айтуынша, жаңа егін жиналғанша күнбағыс тұқымының өңделмей қалған өтпелі балансы болжанып отыр, осыған байланысты экспорттық квотаны енгізу жоспарланған. Бұл мәселе бірнеше рет ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарылыпты.
«Алайда қалдықтардың көлемі бойынша статистика органдары мен қайта өңдеушілердің мәліметтері арасында қайшылықтар болғандықтан, квота бөлу мәселесі шешілген жоқ. Қазіргі кезде күнбағыс тұқымын жинау науқаны әлі жүріп жатыр. Биылғы жылдағы ауа райының қолайсыздығына байланысты күнбағыс тұқымының жиыны жылдағыдан елеулі аз болуы күтіледі. Сондықтан, күнбағыс тұқымын өңдеу көлемін биылғы деңгейде сақтап қалу мақсатында квота бөлу мәселесі және эспорттық кедендік бажды алып тастау мәселесі жинау жұмыстары аяқталған соң мұқият зерделенетін болады», – деді министрлік.
Қазіргі сәтте күнбағыс тұқымына экспорттық баж мөлшерлемесі 20 пайызды немесе тоннасына 200 евроны құрайды. Үкіметтің айтуынша, күнбағыс тұқымының экспортын шектеу – әлемдік нарықтарда осы өнімге деген сұраныстың күрт өсуіне байланысты экспорт көлемі артып, отандық қайта өңдеушілер шикізатсыз қалуын болдырмау мақсатында енгізілген. Олардың түсіндіруінше, бұл шара отандық сұйық май өндірісін арттыруға, оның бағасын тұрақтандыруға, сондай-ақ, сұйық май экспортын ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение