Мәзір

АШМ техника сатып алуға тікелей несие беру мәселесін қарастырып жатыр

20.03.2024
АШМ техника сатып алуға тікелей несие беру мәселесін қарастырып жатыр

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жамбыл облысының фермерлерімен кездесуінде техника сатып алуды тікелей несиелендіру мәселесі қарастырылып жатқанын айтты. Нақты шешім субсидиялау процесіне мүдделі қатысушылардың ұстанымдарын ескере отырып қабылданбақ. Бұл жөнінде World of NAN ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Айдарбек Сапаров Жамбыл облысына сапары барсыныда фермерлерді алаңдатқан бірқатар сұраққа жауап берді. Атап айтқанда, көктемгі егіс жұмыстарын жеңілдікпен несиелендіру, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға тікелей несие беру, сондай-ақ пияз қорын сату мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында министр биылғы жылға, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімін арттыруға арналған жоспарларын бөлісті. «Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін Энергетика министрлігімен бірлесе отырып, фермерлерге литріне 250 теңгеден 340,2 мың тонна жеңілдетілген дизель отынын бөлу жұмыстары жүргізілді», - деді Айдарбек Сапаров.

Сонымен қатар ол биылғы жылы «Кең-дала» бағдарламасы бойынша көктемгі науқанды қаржыландыруға 140 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. Бағдарламаға өтінім жіберу 19 қаңтарда басталған.

Өз кезегінде фермерлер министрден егіс жұмыстарын жеңілдікпен несиелендіруге қосымша қаржы бөлінетінін сұрады. Айдарбек Сапаров қазіргі уақытта қаржыландыру көздері пысықталып жатқанын түсіндірді. Сонымен қатар облыс фермерлері ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге тікелей несие беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

 «Қазіргі таңда қаржы институттары үшін пайыздық мөлшерлемелерді тікелей субсидиялаудың негізгі тәсілдері әзірленді, олар Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қарауына жіберілді. Бұл мәселе субсидиялау процесіне мүдделі қатысушылардың ұстанымдарын ескере отырып, одан әрі талқыланатын болады», - деді министр.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии