Мәзір

АШМ төтенше жағдай кезіндегі шығынды өтеу формуласын жариялады

07.09.2023
АШМ төтенше жағдай кезіндегі шығынды өтеу формуласын жариялады

Ауыл шаруашылығы министрлігі табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне келтірілген залалды өтеу Қағидаларын бекіту туралы бұйрықтың мәтінін жария талқыға шығарды. Құжатпен Ашық НҚА порталында танысуға болады, деп хабарлайды World of NAN.

АШМ ұсынған ереже бойынша, төтенше жағдай туындаған жағдайда, арнайы құрылған комиссия фермерлердің өтінішінен кейін 10 жұмыс күні ішінде жер учаскелерін тексеріп, шығын көлемін анықтайды.

Шығын көлемі U=T*P-S формуласы бойынша есептелмек. Бұл жерде:

U – бір гектар жерге келген залалдың мөлшері (теңгемен)

T – ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиялық картасына сәйкес 1 (бір) гектарға нақты ауыл шаруашылығы дақылын өсіруге арналған шығындар

P – төтенше жағдайдан зардап шеккен егістік алқаптың ауданы

S – фермердің осы жыл ішінде мемлекеттен алған субсидиялары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу туралы шешім қабылданғаннан кейін жұмыс органы қаржыландырудың жеке айлық жоспарлары бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін қаражатты өтеуге арналған шоттарды қалыптастырады және өтінімде көрсетілген агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің электрондық мекенжайына ақша қаражаты аударылғандығы туралы хабарлама жібереді.

Бұл ереже 11 қыркүйекке дейін жария талқыға шығарылған.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии