Мәзір

Ашынған шаруалар әкімдікке жиналды

21.09.2022
Ашынған шаруалар әкімдікке жиналды

Түркістан облысында 400-ге жуық шаруалар әкімдікке жиналып, өңір басшысынан проблемаларын шешуді талап етті. Қымбатшылық қыспаққа алған диқандар мәселелері оң шешілмесе барлық өнімдердің бағасы көтерілетінін жасырмады, деп хабарлайды World of NAN.

Жиналғандар бүгінде мақта өсіруге жұмсалып отырған шығын өтелмей жатқанын, өткен жылы аймақ шаруалары мал шаруашылығына арналған субсидияларсыз қалғанын  облыс әкімі Дархан Сатыбалдыға ашық айтты.

Тыңайтқыштардың 2 есе қымбаттауы онсыз да жағдайы мәз емес мақташыларды көп шығынға батырған екен. Бағасы өскен дизель отыны, зиянкестерді жоятын химиялық дәрілер де қалтаны біраз қаққан көрінеді.

Шаруаларды сондай-ақ, мақта өңдейтін зауыттардың төмен баға ұсынатыны ашындырып отыр. Бұл баға пайда табуды былай қойғанда шығынымызды өтеуге де жетпейді дейді мақташылар. Ал электр бағасы, газ, су қымбаттап үлгерген.

«Shopan-ata» қозғалысының төрағасы Алмасбек Садырбай бүгінде жылыжайларда көмір жоқ, оның салдарынан ірі көлемдегі өнім алынбай қалатынын айтады. Тіпті нәтижесінде қыс мезгілінде жылыжай өнімдері қымбаттауы мүкін деген болжаммен де бөлісті.

«Мақта зауыты иелері олар да сіздер сияқты жекеменшік. Олар айтады, "біз қазір бағаны шығарып бере алмаймыз, сәл уақыт керек" дейді. Өйткені, анау көрші елде кішкене ана қақтығыстарға байланысты бүкіл логистика бұзылды. Бұрынғы келіп жатқан сатып алушыларымыз жоқ дейді қазір. Бірақ дегенмен де біз аванс ретінде бердік дейді. 200 мың теңгеден бе, солай бердік деді. Бірақ ол баға деп есептелмейді. Баға көтерілсе, біз қосымшасын береміз деп отыр», – дейді 31 арнаға сұхбат берген Түркістан облысының әкімі  Дархан Сатыбалды. 

Ал мақтаның төмен бағалануын ол ішкі нарықта сұраныстың аздығымен байланыстырады.

Ашынған шаруалар «Азық-Түлік-Келісім-Корпорациясы» сияқты мақта өнімі бойынша шаруалардың мүддесін қорғайтын ұйымның құрылғанын талап етуде. Өз кезегінде шенеуніктер шаруалардың проблемалары назардан тыс қалмай, тиісті жауап болатынына сендірді. Өз кезегімізде біз мәселені назарда ұстап, тақырыпқа тағы оралмақшымыз.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии