Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2022 жылдың қаңтар және 2023 жылдың мамыр айы кезеңі аралығындағы көлік-экспедиторлық қызметтер мен астық вагондарының операторлық қызметтері нарықтарына талдау жүргізді. Бұл жөнінде World of NAN агенттікке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Нарықты талдау нәтижелері бойынша олардың жоғары шоғырлануы және 2022 жылы – 53,0%, 2023 жылы – 89,5% үлесімен астық вагондары операторының көлік-экспедиторлық қызметтер нарығында «Астық Транс» АҚ-ның үстем жағдайы анықталды.
Бүгінгі таңда бұл акционерлік қоғамның астық вагондарының жалпы паркі 10,5 мың бірлікті құрайды, оның жартысы немесе 5,1 мыңы бір серіктестікке тиесілі.
«Талдау барысында аталған акционерлік қоғамның іс-әрекетінен көліктік-экспедиторлық қызмет көрсетуді белгілеу, шарттар жасасудан негізсіз бас тарту, кемсітушілік жағдайлар жасау фактілері анықталды. Аталған бұзушылық белгілерін тоқтату туралы монополияға қарсы хабарлама ерікті түрде орындалды», - деп атап өтті ведомство.
Бәсекелестікті дамытудағы кедергілер де анықталды. Бұл теміржол көлігі инфрақұрылымына ұлғайған жүктеменің болмауы; маневрлік және магистральдық локомотивтердің тапшылығы, өнімділіктің төмендеуі.
Анықталған кедергілер негізінде Агенттік Көлік министрлігімен бірлесе отырып, тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті дамытудың Жол картасын қабылдап, одан әрі жұмыс істеу үшін мемлекеттік органдарға ұсынымдар жібереді. Жекешелендіру үдерісі аясында жеке монополияның пайда болуына жол бермеу мақсатында сатылатын активтерді бөлшектеу бойынша ұсыныстар да беріледі.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение