Қазақстанда жүк тасымалы, оның ішінде астық тасымалдау тарифтері кейінгі бір жыл ішінде айтарлықтай өсе түсті. Өткен жылы астық бағасы арзандағанын есепке алсақ, бұл қазақстандық өндірушілердің шығынын одан әрі арттырды. World of NAN бұл туралы lsm.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
LS сайтының жазуынша, 2023 жылдың ақпаны мен 2024 ақпан айлары аралығында жүк тасымалының тарифтері 4,8% ұлғайыпты.
Азық-түлік тауарларын тасымалдау тарифі өткен жылдың анти-көшбасшылары қатарынан табылды: мұндай санаттағы тауарлардың тасымал құны бір жыл ішінде 39,2% өскен.
Республика ішінде автокөлікпен жүк тасымалдау құны 3,4%-ға өссе, оның ішінде автомобильмен астық тасымалдаудың тарифі бірден 11% ұлғайды. 2022 жылы көршілес Ресей Федерациясында рекордық мөлшерде астық жиналғанын, 2023 жылы оны экспорттағанын әрі мемлекеттің экспортты қолдау шаралары ұлғая түскенін ескерсек, әлемдік астық нарығында бидай бағасының төмендегенін түсінуге болады. Осылайша өнім бағасының арзандауы мен тарифтердің көтерілуі екеуі қосыла келе фермерлердің табысын азайта түсті.
Бір жыл ішінде әуе көлігімен тауар тасымалдау құны 2,2% көтерілді (халықаралық тасымал – 2,9%, ел ішіндегі тасымал – 1,9% қымбаттаған). Ал теңіз көлігімен жүк тасымалдау (халықаралық тасымалдау) тарифі бірден 22,5% артыпты.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение