Мәзір

Астық экспорттаушылар қауымдастығы Өзбекстанға бидай тасымалын шектеуді сұрайды

30.05.2023
Астық экспорттаушылар қауымдастығы Өзбекстанға бидай тасымалын шектеуді сұрайды

Үкімет Ресейдің арзан бидайын Қазақстан аумағына автокөлікпен алып кіруге шектеу қойғанымен, оның елге кіруі тоқтамай тұр. Осының салдарынан отандық астық экспорты зиянға ұшырап жатыр.

Ресейліктер әлі де арзан бидайды Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға жеткізіп жатыр. Үкімет бидайды Қазақстан аумағына автокөлікпен кіргізуге тыйым салған, бірақ астық пойыз вагоны арқылы Түркістан облысына жеткізіліп, артынша Камаз көліктеріне тиеліп, Өзбекстанға жол тартады. Бұл туралы «АПК Новости» агенттігі «KazGrain» астық экспорттаушылар қауымдастығына сүйене отырып хабарлады.

KazGrain астық экспорттаушылар қауымдастығының басшысы Зейнолла Абдуманапов ресейлік арзан бидай отандық астық экспортына зиян тигізіп жатқанын айтады. Ол мәселеге шешім ретінде Өзбекстанға жүк көлігімен астық жеткізуге тыйым салуды ұсынады.

Ал сатушылар Ресей астығының Түркістан облысы арқылы тасымалданып жатқанына бір жылдан асқанын, бұл процесс көптен бері бақылауға алынбағанын айтады. Олар Өзбекстан мен Тәжікстанған баратын астыққа баж салығын енгізуді ұсынып отыр.

«Астықты Түркістан облысы арқылы астықты жөнелтудің бұл үрдісі жүріп жатқанына бір жылдан асты, еш құжатсыз-ақ қапқа салып та, үйіп тиеп те әрқайсы 30-40 тонналық астық автокөлікпен кетіп жатыр. Өзбекстан мен Тәжікстанға баратын астыққа Қара теңіз портындағы құнының 10% мөлшерінде акциз немесе баж салығын енгізу қаажет. Ал ұн мен бидайдың кедендік құнының төмендеуімен күресуіміз керек. Өзбекстанға автомобильмен экспортты жабу керек. Оңтүстік Қазақстанда барлығы ресейлік бидайды құжатсыз экспорттайды. Олар тіпті фито да жасамайды (фитосанитариялық сертификат – World of NAN). Тұнып тұрған контрабанда», – дейді астық сатушысы Әмір Бұтырханов.

Бұл шешім өзбекстандық диірменшілер үшін тиімсіз , өйткені оларға баратын астық қымбаттай түседі. Ал қазақстандық астықшылар мен ұн тартушылар пайдаға кенелетіні анық. Бірақ таяқтың екінші ұшы бар: жақында Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі диқандар астық жинауды бастайды. Автокөлікпен астық тасымалдауға тыйым салынса, отандық өндірушілерге де Өзбекстан нарығы жабылуы мүмкін. «АПК Новости» агенттігіне пікір білдірген Әмір Бұтырханов мұндай жағдайда қазақстандық диқандар пайдадан гөрі зиянға көбірек ұшырайтынын айтады. Оның түсіндіруінше, қазақстандық астық бағасы ресейлік астықтың бағасымен теңеспейінше, оны ешкім құтқара алмайды. Ал үкіметтің алдын ала ойластырылған қандай да бір стратегиясы болмай тұр.

 


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии