Мәзір

Астық келісімі бұзылған соң, украин астығын экспорттайтын жаңа бағыттар жасалып жатыр

17.08.2023
Астық келісімі бұзылған соң, украин астығын экспорттайтын жаңа бағыттар жасалып жатыр

АҚШ Түркиямен, Украинамен және басқа да көрші елдермен астық экспортының балама бағыттарын кеңейту үшін келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл турады The Wall Street Journal (WSJ) газеті дереккөздерге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды World of NAN.

Жоспар бойынша қазан айына дейін Украина Дунай бойынан айына 4 миллион тонна астық экспорттайды, астықтың басым бөлігі осы өзен бойымен және Қара теңіз арқылы Румыния порттарына, одан кейін басқа бағыттарға тасымалданады.

Дунайдағы Украина порттарына баратын кемелерді қорғау үшін мүмкін болатын нұсқалардың барлығы, соның ішінде әскери нұсқалар зерттелуде, деді АҚШ ресми өкілі.

"Бұл бағыт Қара теңіз жолына қарағанда ұзағырақ және қымбатырақ, бірақ Ресей келісімді ұзартудан бас тартқаннан кейін ол лайықты балама бола алады. Батыс елдері мен Киев Мәскеудің оған дейін келісімді орындау үшін қайтып келмейтініне дайындалып жатыр. Жазғы және күзгі егін жинау уақыты келді», - дейді WSJ.

Газеттің хабарлауынша, Украинаның экспорттық әлеуетін арттыру жұмыстары Түркия мен БҰҰ-ның Ресейді астық келісімін жүзеге асыруға қайтару әрекеттерімен қатар жүріп жатыр. Аты-жөнін атамаған дипломаттардың айтуынша, Түркия президентін Мәскеуді астық жинала бастаған қыркүйек айының басына дейін келісімді қайта бастауға мәжбүрлеу үшін қыспаққа алып жатыр.

«Жоспарлар Еуропалық Одақтың «ынтымақтастық жолақтары» деп аталатын автомобиль, теміржол және теңіз бағыттарын құру бастамасына ішінара сүйене отырып жүзеге асады. Өткен мамырдан бері олар арқылы 41 миллион тонна астық экспортталды, Қара теңіз бастамасы бойынша экспортталғаннан (БҰҰ мәліметтері бойынша 32,9 млн. тонна ауылшаруашылық өнімі) әлдеқайда көп», - деп жазады WSJ.

Сонымен бірге, WSJ дереккөзі болған еуропалық шенеуніктердің айтуынша, егер проблема болмаса, Еуроодақ Украинаға айына орта есеппен 5-5,5 миллион тонна астық экспорттауға көмектесе алады. Әзірге, бір айдың ішінде Украина еуропалық бағыттар арқылы ең көбі 4,2 ​​миллион тонна экспорттаған – бұл өткен қарашада болған. Былтырғы маусымда бұл көрсеткіш 3 млн тоннаны құрады. Өзінің шарықтау шегінде бастама Украинаның оңтүстігіндегі үш порттан – Одесса, Южный және Чорноморсктен шамамен 6 миллион тонна экспорттауға мүмкіндік берді.

Анықтама үшін: Ресей астық келісіміне қатысуын бір ай бұрын, 17 шілдеде тоқтатқан болатын. Мәскеу қарсы тарапты ресейлік ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау жөніндегі келісімнің екінші бөлігін орындамады деп бірнеше рет айыптады. Ресей билігі шарттар орындалған жағдайда, атап айтқанда, Россельхозбанк халықаралық SWIFT жүйесіне қайта қосылғаннан кейін, кемелерді сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша шектеулер, порттарға кіруге тыйым алынып тасталғаннан кейін, келісімді орындауға дереу оралуға уәде берді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии