«Астық Транс» компаниясы экспорттаушыларға жаңа орылған дақылды тиеу кезіндегі үзілістер туралы ескертті. Теміржол астық тасымалдаушысы вагондарды белгілі бір бағыттарға жеткізуді шектемек. Бұл туралы World of NAN порталы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Көптеген бағыт бойынша тоқтап қалу уақытының артуына байланысты, жаңа маусымда жүк тиеуді тоқтату қаупі бар күрделі жағдай туындады», - деді компания.
«Астық Транс» АҚ жағдайдан шығар жол ретінде пойыздың аралық станцияларда тұрмай, межелі станцияға тезірек баратын жөнелту маршруттарын қалыптастыруды көреді.
«Жаңа жиналған дақылды дер кезінде экспорттауды қамтамасыз ету үшін вагон айналымын жеделдету мақсатында және тасымалдауға тұрақты сұранысты ескере отырып, «Астық Транс» АҚ өтінімдерді басым бағыттар бойынша қабылдауға мәжбүр. Сонымен қатар, жолдарда қозғалыстың кешігуі байқалатын бағыттар бойынша вагондарды жеткізуге шектеулер енгізеді», - деп атап өтті компания.
Бұл шара мәжбүрлі және теміржолдағы жағдай реттелмейінше күшінде болады, деп түсіндірді АҚ.
«Астық Транс» өз тұтынушыларынан өтінім берген кезде осы факторды ескеруді сұрайды. Толығырақ ақпаратты менеджерлерден білуді ұсынды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение