Мәзір

«Астық Транс» Орталық Азия елдеріне тасымалдау бағасын төмендетті

02.02.2024
«Астық Транс» Орталық Азия елдеріне тасымалдау бағасын төмендетті

Теміржол арқылы астық өнімдерін тасымалдаумен айналысатын «Астық Транс» компаниясы Орталық Азия елдеріне астық тасымалдау қызметінің бағасын төмендетті. Бұл жөнінде World of NAN компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Биылғы маркетингтік жылдың ерекшеліктері қазақстандық астықтың экспорттық әлеуетінің бәсекеге қабілеттілігін қолдау тәсілдерін іздеу бойынша тұрақты жұмысты талап етеді. Сапаның төмендігі және көршілес елдердің астығымен бәсекелестік жағдайында дәстүрлі өткізу нарықтарын сақтау қажет. «Астық Транс» АҚ барлық факторларды ескере отырып, сондай-ақ отандық астық экспорттаушыларын қолдау мақсатында бірқатар салаларда тарифтерді төмендетуде», - дейді ұйымның хабарламасында.

Сонымен, мына мемлекеттерге жасалатын тасымал қызметтеріне жеңілдік жасалды: Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ауғанстан, Иран.

Бұл ретте компания тасымалдау көлемі мен мерзіміне байланысты жеңілдіктер бар екенін еске салады. Баспасөз қызметі қосымша сұрақтар туындаған жағдайда менеджерлерге хабарласу қажет екенін айтады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии