Астық трейдерлері еліміздің Бас Прокуратурасына үндеу жолдап, астықты экспорттау және импорттау мәселесін шешіп беруге көмектесуін сұрады. Бұл туралы «KazGrain» Ұлттық экспорттаушылар қауымдастығы мәлімдеді, деп хабарлайды World of NAN.
Қауымдастықтың Прокуратураға жолдаған хатында еліміздің бас теміржол басқармасы тиісті бұйрық әлі жарияланбағанымен, ресейлік астықты әкелуге шектеу қоя бастағаны айтылады. Олардың нақтылауынша, Қазақстанға теміржол арқылы астық әкелуге тыйым биылғы жылдың 11 қазанынан бастап қана күшіне енеді.
Сонымен қатар, «KazGrain» ақпаратына сәйкес, тамыз айында ҚТЖ-ның құрылымдық бөлімшесі тамыз және қыркүйек айларында астық тасымалдануы тиіс вагондардың негізгі және қосымша жоспарларын келісуден бас тарта бастаған. Экспорттаушылардың шағымы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетіне жолданғанымен бүгінгі күнге дейін жауап келмепті.
Осыны ескеріп, астық трейдерлері Бас прокурордың ҚТЖ-ға шара қолдануын сұрап отыр.
Әйтпесе, қазақстандық бизнес айтарлықтай шығынға ұшырайды, бұл мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерге әсер етіп, республиканың жалпы экономикасына кері әсерін тигізеді.
Қазақстан біраз уақыттан бері үшінші елдер мен ЕАЭО елдерінен теміржол көлігімен бидай импортына алты ай мерзімге тыйым салуды, сондай-ақ бидайды автомобильмен импорттауға тыйым салуды тағы 6 айға ұзартуды көздеп отыр. Мұндай бұйрық жобасын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген. Бидайдың теміржол арқылы әкелінуіне лицензиясы бар элеваторлар, астық өңдеушілер мен құс шаруашылығы кәсіпорындарына ғана рұқсат етілмек.
Сонымен қатар, жоба 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқылау сатысында болды, ал қазіргі сәтте құжатқа ресми қол қойылғаны туралы ақпарат жоқ.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение