Мәзір

Астық жинау қарқыны өте баяу, өнімділік барған сайын төмендеп барады

11.09.2023
Астық жинау қарқыны өте баяу, өнімділік барған сайын төмендеп барады

9 қыркүйектегі жедел ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда барлығы 5 миллион гектар дәнді дақылдар жиналды немесе жалпы алқаптың 29,2 пайызы ғана орылған. Астықтың орташа өнімділігі 9,9 ц/га құрап, 5 млн тонна астық бастырылды (бұдан бірнеше күн бұрын орташа өнімділік 10 ц/га болған). Бұл туралы World of NAN порталы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Еліміздің солтүстік облыстары арасында күзгі дала жұмыстарының ең төменгі қарқыны Ақмола облысында тіркелді. Ауа райының қолайсыздығынан мұнда бар болғаны 834,3 мың гектар немесе жалпы алқаптың 17 пайызы ғана орылған. Осыған орай министр Айдарбек Сапаров облысқа іссапармен барып қайтты.

Екі аптадан астам жауған жауынның салдарынан диқандар бидайды уақытылы жинай алмай отыр. Фермерлер астықтың сапасыз болып, келесі жылы тұқымсыз қалатынына алаңдайды. Астық кептіру үшін әдеттегіден әлдеқайда көп отын қажет ететін элеваторлардың рентабельділігі туралы мәселе де көтерілді. Фермерлер үшін тағы бір маңызды мәселе – несиелік міндеттемелер мен субсидиялар.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің айтуынша, барлық мәселе жедел түрде шешілетін болады. Ауыл шаруашылығы министрлігі қолға алған шаралар қолайсыз ауа-райының салдарын барынша азайтуға және қазақстандық шаруаларды қолдауға мүмкіндік береді деп сендірді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии