Ақпанның бірінші онкүндігінде республиканың оңтүстігі және оңтүстік-шығысындағы күздік дақылдар себілетін аудандарында температуралық фон көбінесе нормадан 1-4ºС жоғары болған. Артынша күн күрт суыды. Бұл туралы World of NAN Қазгидрометтің ақпан айының алғашқы онкүндігіне жасаған агрометеорологиялық шолуына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 2-6 күнге дейін орын алған қарқынды жылымық оңтүстікте ауа температурасы минус 9ºС дейін және оңтүстік-шығыста минус 9-17ºС дейін, кей жерлерде минус 19-22ºС дейін ауысуы күздік бидайдың нашар дамыған дақылдарының қысқы төзімділігіне әсер етуі мүмкін (даму кезеңі: көктеу - 3-ші жапырақ).
Агрометеорологиялық жағдайлар күздік бидайдың қыстауына қанағаттанарлық боған, ал жылымық ауа-райына байланысты өсімдіктердің қысқа төзімділігі төмендеген.
Жауын-шашын еліміздің оңтүстік-шығысында нормаға жуық және нормадан төмен, ал елдің оңтүстігінде нормадан көп жауған.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение