Қазақстан ұнының жалпы экспортының 70%-ы Ауғанстанға тиесілі. Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш пен Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев брифингте екі ел арасындағы сауда-экономикалық, дипломатиялық және гуманитарлық қатынастардың келешегі талқыланды, деп хабарлайды World of NAN.
Қазақстан Республикасы Сауда министрлігінің баспасөз қызметі атап өткендей, соңғы бір жылда қазақстандық ұнды Ауғанстанға жеткізу көлемі 52 пайызға (2021 жылғы 895 126 мың тоннадан 2022 жылы 1,3 миллион тоннаға дейін), бидайдың экспорт көлемі – 20%-ға өсті (2021 жылғы 571,704 мың тоннадан 2022 жылғы 686,729 мың тоннаға дейін), күнбағыс майын тасымалдау 6,2 есеге (2021 жылғы 2,825 мың тоннадан 2022 жылғы 17,576 мың тоннаға дейін) артты. Қазіргі сәтте қара бидайды экспорттау басталған. Одан бөлек Қазақстан Ауғанстанға зығыр тұқымын да жеткізеді.
«Ауғанстан Орталық Азияның барлық елдерінің ішінде Қазақстанмен ең көп сауда жасайды. Өткен жылы өзара тауар айналымы $1 млрд - қа жетті. Алдағы жылдары біз бұл көрсеткішті $3 млрд-қа дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», - деді СИМ вице-министрі Қайрат Төребаев.
Сауда министрлігі 2023 жылғы 3 тамызда Астанада бірінші Қазақстан-Ауған бизнес форумы, ал 4-5 тамызда Ауғанстан тауарларының көрмесі өтетінін хабарлады. Іс-шараларға Ауғанстанның бизнес өкілдері мен үкіметінің делегациясы қатысады.
Сауда және интеграция министрілігінің хабарлауынша, Ауғанстан Орталық Азияның көлік дәлізі. Ол Орталық Азия, Үндістан және Парсы шығанағы елдері арасындағы байланыстырушы көпір болып табылады. Осы мемлекет Қазақстанға Карачи және Гвадар теңіз порттарына, одан әрі Үндістанға, Таяу Шығыс елдеріне, Африкаға шығу мүмкіндігін ашады. Бұл қазақстандық экспорттаушылар үшін де сауда үшін де жаңа және өте тартымды нарықтар.
2022 жылы Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 987,9 млн долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (474,3 млн доллар) 2,1 есеге жоғары. Осы көрсеткіштің 90 пайызы қазақстандық экспортқа, негізінен өңделген өнімдерге келеді. 2023 жылдың 5 айында елдер арасындағы тауар айналымы 316,6 млн долларды құрады, оның 310 млн доллары қазақстандық экспорт.
2021 жылы Ауғанстан билігін Қазақстанда тыйым салынған Талибан ұйымы қолына алған болатын. Сыртқы істер вице-министрі Қанат Тұмыштың айтуынша, бұл Ауғанстанмен сауда байланыстарын дамытуға кедергі емес. Өйткені Талибан АҚШ, Ұлыбритания сияқты ірі батыс мемлекеттірінің террористік ұйымдар тізімінде жоқ.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение