Мәзір

Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жеңілдетілген лизинг енгізіледі

03.04.2024
Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жеңілдетілген лизинг енгізіледі

Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне лизингке техника беру шарттары жеңілдетіледі. Атап айтқанда, 5 жылға дейінгі мерзімге 2,5%-бен ауыл шаруашылығы техникасын лизингтеу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл жөнінде World of NAN үкіметке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Үкіметте өткен кеңесте Агроөнеркәсіп кешеніндегі жобаларды несиелендіру ережелеріне толықтыру енгізу мәселесі қарастырылды. Мұндай шешім «Ауыл аманаты» бағдарламасының 2023 жылғы жұмыс қорытындысын талдау және өңірлерден келіп түскен өтініштер нәтижесі бойынша қабылданған.

«Субсидиялау ережесіне түзетулер жобасы ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 5 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2,5%-бен ауыл шаруашылығы техникасын лизингтеу мүмкіндігін қарастырады. Қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.  Бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін қаржыландыру нормативін арттырудамыз», — деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.

Былтыр ауыл тұрғындарына бағдарлама бойынша бөлінген жалпы сомасы 100 млрд теңге қолжетімді шағын несиенің 82,4 млрд теңгесі игерілген. Оның 80%-ы мал шаруашылығына, 5,2%-ы техника мен жабдыққа, 4%-ы өсімдік шаруашылығына бағытталды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии