Ашық НҚА порталына ауыл шаруашылығы министрлігіне қатысты Үкімет қаулысы жобасының түзетілген нұсқасы жарияланды. Жоба мәтінінде ауыл шаруашылығы министрлігіне берілетін құзіреттер тізімі жазылған. Олардың ішінде игерілмей жатқан жерлерді тартып алу құзіреті де бар деп хабарлайды World of NAN.
Премьер-министр Әлихан Смайылов былтырғы сұхбатында Қазақстанда 40 млн гектар игерілмеген жер бар екенін айтқан болатын. Олардың 95 пайызға жуығы — жайылым жерлер. Кәсіпкерлер жер тапшылығы мәселесін жиі көтергенімен, жекеменшікке тиесілі игерілмей жатқан жерлер де аз емес. Осыған дейін игерілмей жатқан жерді қайтарып алу жөніндегі комиссия құрылып, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге тексеріс жүргізе бастаған. Пайдаланылман жатқан жерді қайтарып алу құзіреті жергілікті атқарушы органдарға тиесілі еді.
Ашық НҚА порталындағы Үкімет қаулысының жобасында жерді қайтарып алудан бөлек, министрлікке басқа да бірнеше жаңа құзірет берілетіні жазылған. Атап айтқанда:
29 мамыр күні жарияланған Үкімет қаулысы жобасы 12 маусымға дейін қоғам талқылауына ұсынылып, кейін бекітуге жіберіледі.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.