Мәзір

Ауыл шаруашылығы министрлігінің лауазымды шенеунігі парамен сотталды

20.06.2024
Ауыл шаруашылығы министрлігінің лауазымды шенеунігі парамен сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Н.Т.Жүнісов және балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы Е.К. Суықбаев сотталды. Бұл жөнінде World of NAN антикорға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Олар 2021 жылдан 2024 жылдың ақпанына дейін шағын және орта бизнес өкілдерінен жалпы қамқорлық танытқаны үшін жүйелі түрде пара алды деп айыпталды.

Сот үкімімен оларға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, аталған адамдар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқырмандарымыздың есіне саламыз, жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөміріне қоңырау шалып, қылмыс фактісін хабарлау қажет.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии