Ауыл шаруашылығы министрлігі Фитосанитария бас директоры лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдікке ілініп отыр. Бұл жайлы World of NAN порталы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» ШЖҚ РМК бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», – делінген баспасөз хабарламасында.
Белгіленген тыйымға қарамастан, ол кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйым құрып, оны басқарып келген және 2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін «Фитосанитария» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалының үй-жайын осы мақсатта тегін пайдаланған.
Күдікті осындай әрекеттерімен мемлекетке 7,4 млн теңге залал келтірген.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение