Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде не болып жатыр? Ауыл шаруашылығын одан әрі қалай дамытуға болады? Осы сұраққа «Қазақстан АгроОдақ» қауымдастығының президенті Алик Сағындықов Kapital.kz сайтындағы сұхбатында жауап берді. World of NAN порталы сарапшының ойларын қысқаша ұсынады.
Сағындықовтың ойынша, агро саланың екі негізгі стратегиялық мәселесі – кадр саясаты мен ауыл шаруашылығы дамуын ауылдың дамуынан бөлек қарастыру. Биыл ауылдық аймақтарды дамыту тұжырымдамасы қабылданды. «Олар ақыры ойланып, ауыл шаруашылығы мен ауылды жерлердің дамуын бірге қарастырмау бос әурешілік екенін түсінген сияқты. Алайда, осы тұжырымдаманы әзірлеуші Ұлттық экономика министрлігі болғандықтан, әлі де бос әурешілік жалғасып жатыр. Бұл Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзырындағы мәселе деп ойлаймын», – дейді сарапшы.
Ол сондай-ақ «ауыл шаруашылығы» сөзін тікелей мағынада агробизнес немесе кәсіпкерлік ретінде қарастыруға болмайды деп санайды. «Өйткені, ауыл шаруашылығы, ауылдық аймақ – бұл әлеуметтік нысан, бұл көптеген адамның өмір сүру салты. Адамдар ол жақта ақша табудан бұрын, ең әуелі сонда тұрып, өмір сүреді. Бірақ қандай да бір себептермен біз ауыл шаруашылығында тұратын болсаң, демек ақша табуың керек деп санаймыз. Бұл жоғарыда отырғандарды шатастырып келе жатқан қате көзқарас. Осы мәселе аграрлық саясатты дұрыс жолға қоюға кедергі келтіреді», – дейді Алик Сағындықов.
Сарапшы Қазақстан Президентінің кейінгі төрт жылда елдің азық-түлік қауіпсіздігі туралы айтып келе жатқанына тоқталды. Бұл өте дұрыс. «Бізде азық-түлік қауіпсіздігінің 2022-2024 жылдарға арналған жоспары бар. Жоспар іске асып жатқандай көрінгенімен, ол туралы ешкім ештеңе айтпайды, орындалғаны жөнінде ешкім есеп бермейді және оның қалай қаржыландырылатыны айтылмайды», - дейді сарапшы.
Алик Сағындықов еліміздің жан басына шаққандағы егістік жер көлемі бойынша әлемде бесінші орында тұрғанын айтады – егістік жердің жалпы ауданы 25 миллион гектарды құрайды. «Бізде шамамен 1,5 миллион гектар суармалы жер және 187 миллион гектар жайылым бар – бұған бүкіл әлем таң қалады», - дейді ол. Дегенмен қазір жайылымдық жерлердің жартысы – 88 миллион гектарға жуығы ғана пайдаланылуда. Маман жайылымдық жерлерді толық пайдалану үшін инфрақұрылымды дамыту қажеттігіне назар аударады.
Сонымен қатар, спикер Қазақстанда мал шаруашылығының дамуына жем-шөптің жетіспеушілігі кедергі келтіреді деп есептейді. «Қазіргі таңда жемдік дақылдар алқабы еліміздегі жалпы егіс алқабының 15 пайызын ғана алып жатыр. Үш жыл бұрын бұл көрсеткіш 11% болса, Кеңес Одағы жылдарында 30% болды. Мал азығын өндіруді дамытпасақ, бізде ешқашан бұл салада экспорттық әлеует болмайды», – дейді ол.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение