Цифрлық үкімет кеңсесінде Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев Smart QR, Е-КТРМ және «Тауарларды бақылаудың ұлттық жүйесі» (ТБҰЖ) жұмыстарымен танысты. Алдағы уақытта тауар өндірушілер өнімді бақылау жүйесіне тіркелуі қажет болады. Бұл туралы World of NAN порталы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Smart QR жобасының арқасында тұтынушылар нарық және жалға алушылар туралы барлық ақпаратты ала алады, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасымен танысып, шағым беру мүмкіндігіне ие болады.
Е-КТРМ - ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес әзірленіп, техникалық реттеу тізілімдерінде, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінде, ұлттық стандарттау жүйесі мен бірыңғай тізілімдерде, ЕАЭО сәйкестігін бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттарда қамтылған мәліметтерді сақтауға, өңдеуге, іздеуге және беруге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе.
Ал Тауарларды бақылаудың ұлттық жүйесі (ТБҰЖ) болса, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралардың электрондық айнасы болып саналады. Бүгінгі таңда пилоттық жоба әлеуметтік маңызы бар өнімдер тізімінен 9 позиция бойынша жұмыс істейді: ұн, картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат, тауық жұмыртқасы, күріш, күнбағыс майы және май.
«Біздің бірінші міндетіміз – өңірлер бөлінісінде қажетті азық-түлік қорының нақты көлемі қандай екенін түсіну. Бөлшек сауда желілерімен интеграцияның арқасында ірі дүкендерден бастап «үйдің жанындағы» шағын дүкендерге дейін біз түпкілікті тұтынушыға сату кезінде бағаны және ӘМАТ-қа шекті үстемеақыны қадағалайтын боламыз», - деп түсіндірді ақпараттық жүйе жобасының жетекшісі Алмат Исмаилов.
Ал Арман Шакқалиев осы маусымаралық кезеңде нарықтың барлық қатысушылары (ӘКК, АШТӨ, сатумен айналысатын сауда субъектілері) деректерді цифрландырып, жүйеге кірулері тиіс екенін айтты. «Қарсы міндеттемелер тұрғысынан АШМ желісі бойынша субсидиялар алу үшін осы жүйеде болу талабы міндетті болуға тиіс. Жүйеде жұмыс істемейтіндер субсидия алмайды», - деді министр.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение