Ресейдің Қоғамдық палатасында ауылшаруашылық техникасының кәдеге жарату алымы талқыланды. Бірнеше ай бұрын Ресейде импорттық ауылшаруашылық техникасына утиль алымды 5-10 есе көтеру керек деген бастама көтерілген. Ал бұл жолы тіпті бастама авторларының өзі райынан қайтып, талқылауға қатысқандардың бүкілі дерлік утиль алымын көтеруге қарсы шықты, деп хабарлайды World of NAN.
Ақпан айының ортасында Коммерсантъ басылымы Индустрия және сауда министрлігі импорттық ауылшаруашылық техникасына утиль алымды көтергелі жатқанын хабарлаған еді. Алайда кеше өткен талқыда министрлік ондай бастама көтермегенін айтты. Ал сол сәтте нарықты «агрессивті импорттан» қолдауға шақырып, кәдеге жарату алымын еселеп көтеруді белсене қолдаған «Росспецмаш» бірлестігі пікірін 180 градусқа өзгертіпті. Енді «Росспецмаш» өкілдері «қазіргі уақытта утиль алымды арттыруға ешқандай елеулі алғышарт көріп отырғанымыз жоқ», сондықтан «мұны қазір талқылауға негіз жоқ» деп хабарлады.
Фермерлер мен дилерлер кәдеге жарату ақысын көтеруге еш негіз жоқ екенін дәлелдеп берді. Олар мұндай шешім бүкіл техниканың, соның ішінде ресейлік техниканың бағасының өсуіне, сондай-ақ бәсекелестік пен сапаның төмендеуіне әкелетінін еске салды. Ал осының бәрі ауыл шаруашылығының дамуына кері әсер етеді.
Фермерлердің айтуынша, олар сатып алатын өнімділігі жоғары техниканың көпшілігі, мысалы, қуаты 340 аттың күшінен жоғары тракторлар Ресейде еш өндірілмейді. Көкөніс өсірушілерге дәл осындай техника керек екен. Жергілікті кәсіпорындар мұндай жабдықты өндіруді енді ғана жоспарлап отыр, олар нарыққа тек 2026 жылдан бастап шығады. Осы сегментте утиль алымының артуы ауыл шаруашылығы өндірісіне ауыр соққы болмақ.
Ресейдің комбайндар нарығындағы жағдай сәл басқаша: мұнда ресейлік және беларусь өндірушілерінің үлесі монополияға жақын (астық жинайтын комбайндар – 92%, жем-шөп жинайтын комбайндар – 84%). Осы сегменттегі импорттың аз ғана үлесі нақты өндірістік мәселені шешетін техниканы алуға және бәсекелестікті аз да болса сақтауға мүмкіндік береді.
Осылайша, ауыл шаруашылығы әлдеқайда дамыған әрі фермерлері әлдеқайда жаңа техникамен қамтамасыз етілген Ресейдің өзі утиль алымның қисынсыз екенін түсініп отыр. Бұл жағдай Қазақстанға да үлгі болуы керек.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение