Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар үкіметтің 2023 жылғы бюджетті игеру туралы есебіy қабылдады. Депутат Серік Егізбаев ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген қаржының игерілмей қалғанын сынады, деп хабарлайды World of NAN.
Депутаттың айтуынша, «Азық-түлік корпорациясы» акционерлік қоғамы былтыр ауа райы салдарынан зардап шеккен фермерлерді қаржыландыру үшін бөлінген 31,4 млрд теңгенің 26,6 млрд теңгесін игермеген.
Сонымен қатар, Егізбаев субсидиялау бағдарламасының орындалуында көп сұрақтар туындайтынын айтты. Оның түсіндіруінше, уәкілетті орталық органдар қаражатты жергілікті бюджетке жіберіп, оны 100% игердік деп, мәз болып есеп береді, ал жергілікті атқарушы органдар түрлі себептермен, оның ішінде немқұрайлық салдарынан қаражатты ауыл шаруаларына уақтылы жеткізбейді, кейде тіпті агроөнеркәсіптік кешенге бөлінген нысаналы трансферттерді өңірдің басқа мәселелерін шешу үшін пайдаланады.
«Бізге шаруалардың төлем қабілетсіздігін, процестердің шектен тыс реттелуін, бюджеттен қаражаттар кешіктіріліп келетінін және сол сияқты басқа да сылтауларды қаражаттың игерілмеу себептері ретінде түсіндіріп келеді, ал жүргізілген талдау мұның бюджеттің сапалы жоспарланбауы мен дұрыс болжанбауының салдары екенін көрсетіп отыр» - деді депутат.
Мәжілістегі аграрлық мәселелер комитетінің жетекшісі «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында игерілген 89,9 млрд теңгенің тек 6,7 млрд теңгесі ғана ауыл шаруашылығы кооперативтеріне несие ретінде берілгенін айтты.
«Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 18 мыңның орнына 15,7 мың жаңа жұмыс орны ашылған, 17 мыңның орнына 14,2 мың шағын несие берілген. Ең сорақысы осы жылы бағдарлама бойынша кейбір облыстарға тиісті қаражат әлі аударылмаған. Осылайша, бағдарламаның негізгі мақсаты толық емес, ішінара орындалған деп есептейміз» - дейді ол.
Бюджеттің игерілуіне қатысты осындай олқылықтардың болғанына қарамастан, Мәжілістегі «Ауыл» партиясының атынан сөйлеген Серік Егізбаев үкіметтің есебін қабыл алатынын айтты.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение