Мәзір

Ауыл шаруашылығын қаржыландыру жыл басынан бері 26,7%-ға кеміп кетті

22.07.2024
Ауыл шаруашылығын қаржыландыру жыл басынан бері 26,7%-ға кеміп кетті

2024 жылдың бес айында Қазақстанда ауыл, орман және балық шаруашылығына негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 197,9 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,7 пайызға кеміп кетті. Бұл жөнінде World of NAN порталы finprom.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Мемлекет АӨК-ті қаржыландыруға уәдені үйіп-төгіп, бірнеше бағдарламаны іске қосқанына қарамастан, әзірше Агроөнеркәсіп кешенін қаржыландырудың негізгі көзі бизнестің жеке қаражаты болып отыр. Жеке сектор ауыл шарушылығына 142,4 млрд теңге салған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,4%-ға аз. Банктік емес қарыздар 49,8 млрд теңгені (24,5%-ға кеміді), ал банктік несиелер 5,8 млрд теңгені (27,1%-ға аз) құрады.

Өңірлер бойынша агроөнеркәсіптік кешенге салымдардың ең көп көлемі Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына тиесілі: тиісінше 53,8 млрд, 30,7 млрд және 30,2 млрд теңге. Инвестициялардың айтарлықтай көлемі Қостанай (18,4 млрд. теңге), Түркістан (15,6 млрд теңге) және Шығыс Қазақстан (10,4 млрд теңге) облыстарында да байқалды.

Биылғы жылдың алғашқы айларында мал шаруашылығын қаржыландыру өткен жылмен салыстырғанда 2 есе өсіп, 93,3 млрд теңгені құрады. Ал маусымдық дақылдарды өсіруге инвестиция 2 есеге жуық азайған: 91,6 млрд теңге.

Сонымен қатар, инвестицияның қомақты көлемі аралас ауыл шаруашылығына (8,8 млрд.теңге), балық шаруашылығы және акваөсіруге (3,1 млрд.теңге) бағытталған.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии