Шілде айынан бастап пилоттық режимде ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне арналған «TortTulik» мобильді қосымша іске қосылды. Қосымша мал иесіне өз малын түгендеуге, ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды уақытылы және толық көлемде алуға арналған, деп хабарлайды World of NAN.
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің хабарлауынша, жобаны Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-дегі экономикалық саясатты талдау орталығымен бірлесіп әзірледі.
Комитеттің айтуынша, қосымша ауыл шаруашылығы жануарларының базасын кеңейтуге көмектеседі, ол әрбір жануар иесіне (ШҚ, ЖШС, ЖҚШ және т.б.) өз малын түгендеуге көмектеседі. Сондай-ақ қосымшаның арқасында ветеринариялық дәрігерлер ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды уақтылы және толық көлемде жүргізуге мүмкіндік алады.
Қосымша смартфонда онлайн режимінде жұмыс істейді. Интернет болмаған жағдайда, бағдарлама желіге қосылғаннан кейін деректер жаңартылады. Бағдарлама арқылы ветеринариялық төлқұжат алуға болады және болашақта малды сатып алу-сату, жоғалтқан таңбаны ауыстыру, сондай-ақ сойғаннан кейін жануарды есептен шығару рәсімдерін жасауға болады.
Ветеринариялық бақылау комитеті таратқан хабарламада «TortTulik» қосымшасы ауыл тұрғындары үшін ақпараттық хабқа айналатыны айтылған. Сондай-ақ мобильді қосымшада саланың соңғы жаңалықтарын тарату мүмкіндіктері, алдағы вакцинация туралы хабарламалар және т.б. бар екен.
Жоба авторлары алдағы уақытта ет сатып алушыларға арналған бөлім енгізілетінін айтады. Қазақстандықтар «sogym.kz» қосымша бетінде тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден жануардың ветеринариялық бақылауынан өткен тұтас етіне тапсырыс бере алады. Әзірге «TortTulik» қосымшасы Android қолданушыларын қолжетімді, iOS нұсқасы сәл кейінірек шығады. Ветеринариялық комитетет бүкіл ел бойынша 1,5 млн мал иесі мобильді қосымшаның әлеуетті пайдаланушылары болады деп күтіп отыр. Әзірге жоба пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Қосымша әзірлеушілері жұмыс нұсқасын іске қоспас бұрын, мобильді бағдарламаны жақсарту үшін жұмыс сәттері мен пайдаланушылардың пікірін пысықтайды.
Айта кетейік, осыған дейін министрлік фермерлердің субсидия алуына арналған Gosagro порталын іске қосым, мұның соңы жанжалға ұласқан болатын. Өйткені фермерлердің кейбірі порталдағы ақауларға байланысты өтінішті уақытылы толтыра алмай, субсидияға іліне алмаған еді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение