Мәзір

Ауылшаруашылық кооперативтеріне 2,5% мөлшерлемемен лизинг беріледі

23.05.2024
Ауылшаруашылық кооперативтеріне 2,5% мөлшерлемемен лизинг беріледі

АШМ «Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа толықтырулар енгізді. Өзгерістерге сай ауылшаруашылық кооперативтеріне техника сатып алуға 2,5 пайыздық мөлшерлемемен лизинг беріледі, деп хабарлайды World of NAN.                                       

Бұйрық мәтінінің түсіндірмесінде бұл шара мемлекет басшысының елімізде ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуды 10 пайызға дейін арттыру қажеттігін айтқан тапсырмасын орындау мақсатында жасалып жатқаны айтылған.                                            

«Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі кеңестің қорытындысы бойынша, республикалық бюджеттен 50 пайызын, ал 50 пайызын жергілікті бюджеттен қаржыландыра отырып, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беру мәселесі қарастырылады.                          

Өтініш берушілерге лизинг келесі шарттарда беріледі:

- ауыл шаруашылығы техникасын лизинг мерзімі – 5 (бес) жылға дейін;

- лизинг затының (ауыл шаруашылығы техникасының) ең жоғары құны – 4 000 (төрт мың) айлық есептік көрсеткішке дейін;

- номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 % (екі бес бес) пайыздан аспайды;

- негізгі борышты және сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең – ауыл шаруашылығы техникасының лизинг мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бір) бөлігінен аспайды;

- Жаңа, бұрын пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы техникалары лизингке беріледі.

Құжатта Ауыл аманаты бағдарламасына бөлінген қаржының 20 пайызынан аспайтынын кооперативтерге ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беруге болады деп көрсетілген.                                            

Жергiлiктi атқарушы органдар қоса қаржыландыру шарттарында жергiлiктi бюджеттен қосымша қаражат бөледi, бұл лизингтi қаржыландыруға республикалық бюджеттен бөлiнетiн сомадан кем болмауға тиiс. 


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии