Мәзір

Ауылшаруашылық техникасын өндіретін инвесторға құжат беруден заңсыз бас тартқан

20.03.2024
Ауылшаруашылық техникасын өндіретін инвесторға құжат беруден заңсыз бас тартқан

Абай облысында кәсіпкер құны 7 млрд теңгелік жобаны жүзеге асырғысы келген. Алайда әкімдік рұқсат қағазын беруден негізсіз бас тартыпты. Бұл туралы World of NAN облыстық Прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.  

Абай облысының Прокуратурасы «Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі инвестордан жер мен объектіге құқық белгілейтін құжаттарды негізсіз талап етіп, оған қолданыстағы ғимараттарды қалпына келтіруге рұқсат беруден бас тартқанын анықтады.

Прокуратураның араласуынан кейін инвестордың құқықтары қалпына келтіріліп, барлық қажетті құжаттар беріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Инвестор 7 млрд теңгелік жоба арқылы 250 адамды жұмыспен қамтитын ауыл шаруашылық техникасын өндіретін кәсіпорынды іске қосуды жоспарлаған.

Облыстық Прокуратура туындаған бүкіл сұрақ бойынша мына телефон нөміріне хабарласуға болатынын айтады: 8-701-361-88-16 (Абай облысының прокуратурасы), 8-777-037-00-00 («Kazakh invest» ҰК» АҚ аймақтық өкілі).


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии