Азық-түлік экспорты Ресей бюджетінің мұнай мен газдан кейінгі негізгі кіріс көзіне айналды. 2022 жылға арналған астық экспортына қатысты жоспар асыра орындалған. Бұл жөнінде World of NAN порталы ресейлік «Коммерсантъ» басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
РФ Федералды кеден қызметінің (ФКҚ) басшы міндетін атқарушы Руслан Давыдовтың айтуынша, ресейлік астықтың негізгі сатып алушылары – Қытай, Таяу Шығыс, Мысыр және Қазақстан болып отыр. «Қазір біз негізінен астық экспорттаймыз. Бұл экспорттың негізгі үлесін құрайды. Сондай-ақ майлы дақылдар, май, өсімдік майы, күнбағыс шығарамыз», - деді Давыдов.
Оның айтуынша, ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты көлемі бойынша шамамен 70%-ға артқан, бірақ қаржылай өсімі бұдан төменірек, өйткені «баға жағдайына байланысты» қаржылай табыс азайып кеткен. Дегенмен ол нақты соманы атап көрсетпеді.
Қазақстандық азық-түлік тауарын өндірушілер біраз уақыттан бері Ресейдің арзан импорттық өнімдеріне шағымданып келеді. Атап айтқанда, осыған дейін астық, сүт өнімдері, құс, май өндірушілері отандық өнімді қорғауын сұрап, ресейліктердің демпинг жасап жатқанына шағып айтып, Қазақстан үкіметінен шекараны жабуды сұрады.
Ресейлік ауыл шаруашылық өнімдерінің арзан бағада сатылуын сарапшылар бірнеше фактормен түсіндіреді: елде ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасының жүйелі жүргізілуі, мемлекеттің фермерлерге мол қолдау көрсетуі, азық-түлік тасымалының жолға дұрыс қойылуы.
Келер жылдан бастап ресейлік сүт өнімін экспорттаушыларына транзиттік шығындарды 100% қайтарып бере бастайды. Бұл Ресей азық-түлігінің одан әрі арзандай түсетінін білдіреді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение